Қазақстандағы сарай сияқты балабақшалар Назарбаевтың жағасын ұстатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Елбасы бұл туралы "Нұр Отан" партиясының кезектен тыс съезі барысында айтты.
Қазақстандағы сарай сияқты балабақшалар Назарбаевтың жағасын ұстатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Елбасы бұл туралы "Нұр Отан" партиясының кезектен тыс съезі барысында айтты.
Ол экономикалық қиын жағдайда үнемдеудің қажеттілігін жеткізді. Мемлекет басшысы "Астана ЭКСПО-2017" компаниясы төрағасының 53 миллиард теңгені қысқарту туралы ұсынысын мысалға келтірді. Назарбаев мектеп және балабақша құрылысына жұмсалатын артық шығындарды да сөз етті.
"Мектептерді біз сарай сияқты тұрғызғанбыз. Онда ботаникалық бақ, музыка мектебі, спорт мектебі, бассейн де бар. Мектеп - балалар білім алатын орын. Мен Өскеменнен бір балабақша көрдім. Бұл балабақша емес, зәулім сарай! Балабақша - ата-аналары балаларын таңертең әкеп тастайтын, балаларды тамақтандырып, ұйықтатып, кешке қайта әкететін орын. Батыста балабақша ғимараттардың бірінші қабатына орналастырылады. 3-4 пәтерде 50-60 бала болады. Еден жылы, онда ойыншықтар жатады. Мен әдейі кіріп көрдім, бір жағында тамақ ішеді, бір жағында ұйықтайды. Ал бізде ше? Бізде бас-басына әжетханаға дейін бар", - деді Мемлекет басшысы.
"Даму жолындағы елміз дейміз, ал өзімізді салғырт ұстаймыз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.