26 наурыз 2018 14:08

Қазақстандағы сауда орталықтарында өрт қауіпсіздігі қалай тексеріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© unsplash.com © unsplash.com

Төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері ойын-сауық орталықтарын және басқа да қоғамдық нысандарды тексеру тәртібі қалай жүргізілетінін түсіндіріп берді. Ведомство мәліметінше, ережелерге сәйкес, мұндай тексерістер жылына кем дегенде бір рет жүргізіледі. Бірақ, айтуларынша, инспекторлар бұл нысандарды қандай да бір рұқсатсыз-ақ тексере алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласы бойынша қатер деңгейін белгілеу жөніндегі талаптарға сәйкес, аумағы 1 500 және одан да көп шаршы метрді қамтитын ойын-сауық орталықтары қатер деңгейі жоғары нысандарға жатады. Сондықтан да олар жыл сайын тексеріледі. Мұнымен қоса, қауіп деңгейі жоғары нысандарға өндірістік кәсіпорындар, әлеуметтік нысандар, яғни, білім беру, денсаулық сақтау нысандары жатады", - деп хабарлады комитеттің өкілдері.

Сонымен қатар, тексерістердің ешбір негізсіз және кез келген кезде жүргізіле бермейтіні айтылады.

"Кәсіпкерге тексеріс жайлы алдын ала айтылады. Ол туралы жыл басталмай тұрып Бас прокуратураның сайтында жарияланады. Кез келген жағдайда субъектіге тексеріс жайлы бір ай бұрын айтылады", - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК өкілдері.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, инспектор міндетті түрде тексеру парағын көрсетуі тиіс.

Сондай-ақ, қандай да бір ереже бұзушылықтар анықталған жағдайда мәліметтердің сотқа жолданатыны айтылады. Өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын орындамаған нысан басшыларының қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети