Қазақстандағы сот ұлтты шығу тегінен басқа да мән-жайға негіздеп таңдауға рұқсат берді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы сот ұлтты шығу тегінен басқа да мән-жайға негіздеп таңдауға рұқсат берді Фото:gov.kz

Елордалық сот қазақстандық әйелге ұлтын өзгертуге көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордалық сот қазақстандық әйелге ұлтын өзгертуге көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елорда тұрғыны көші-қон қызметіне ұлтын "беларусьтан" "неміс" ұлтына өзгерту туралы өтінішпен жүгінген.

"Атасының туу туралы куәлігінде "ұлты" деген бағанда арғы атасы мен әжесі де "немістер" деп көрсетілген. Бұл, оның пікірінше, жақын туыстары неміс ұлтынан болғанын растайды. Алайда, көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің 65-бабына сілтеме жасай отырып, жазбаша бас тартуды берген, оған сәйкес туған кездегі ұлты ата-анасының ұлтына қарай белгіленеді және тек өзге ата-ананың ұлтына өзгертілуі мүмкін", - делінген хабарламада.

Астана МАӘС көші-қон қызметінің бас тартуын заңсыз деп танып, ведомствоның әрекеті Конституцияның және "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің нормаларына қайшы келетінін атап өткен.

"Конституциялық Сот ұлттық және халықаралық заңнама нормаларын, сот практикасын және шетелдік тәжірибені зерделей келе, ұлтын анықтау тұлғаның өзін-өзі сәйкестендіруімен байланысты және тек шығу тегіне ғана емес, басқа да мән-жайларға негізделетінін атап өтті. Ұлт адамның ішкі еркіндігін көрсете алады және құқықтық мәнге ие болады".

Сот ІІМ Көші-қон қызметі комитетіне талап қоюшының ұлтын "беларусьтан" "неміс" ұлтына ауыстыру жөнінде мемлекеттік қызметті көрсету бойынша әкімшілік рәсімді аяқтауды міндеттеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети