Қазақстандағы стационарлар жабылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы стационарлар жабылып жатыр © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның кей өңірлерінде провизорлық және жұқпалы аурулар стационарлары, сондай-ақ төсек-орындар жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Coronavirus2020.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның кей өңірлерінде провизорлық және жұқпалы аурулар стационарлары, сондай-ақ төсек-орындар жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Coronavirus2020.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

Бүгінде Қазақстанда жеті провизорлық стационар мен жалпы 1070 орынды қамтитын жұқпалы аурулар стационары, сондай-ақ 855 орындық 6 провизорлық стационар жабылған. 

Келесі нысандар жабылды:

Ақтөбе облысындағы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің 300 орындық жатақханасы;

Атырау облысындағы Құрманғазы аграрлық-техникалық колледжінің жатақханасы (30 орын);

Жылыойдағы туберкулезге қарсы диспансер (10 орын);

Атырау облыстық ауруханасы (200 орын);

Қарағанды облысында - кардиоорталық жанындағы жабдықталған "Турист" қонақ үйі (100 орын), ҚарМТУ жатақханасы (100 орын);

Нұр-Сұлтан қаласында - қалалық психикалық денсаулық орталығы (230 орындық жұқпалы аурулар стационары);

Шымкентте - облыстық балаларды оңалту орталығы (100 орын).

Төсек-орын саны қысқарды:

Маңғыстау облысы - Маңғыстау облыстық ауруханасы (150 орын), Жаңаөзендегі қалалық аурухана (100 орын), Бейнеудегі аурухана (30 орын), Түпқарағай аудандық ауруханасы (25 орын), Маңғыстау аудандық ауруханасы (50 орын); 

Павлодар олысында - Сұлтанов атындағы "Мойылды шипажайы" АҚ ауруханасы (500 орын);

Қалған облыстарда және Алматыда провизорлық орталықтар мен төсек-орын санын 2 тамыздан бастап қысқарту жоспарланған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети