ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы жедел ақпарат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы жедел ақпарат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, Атырау облысында Жайық өзенінің су деңгейін бақылау жалғасып жатыр. Су тасқыны жағдайын бақылау дронның көмегімен жүзеге асырылады. Жағалауды нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен тәулікте Атырау, Индер, Махамбет, Исатай және Құрманғазы аудандарында 500 шақырымнан астам бөгет салынды. Құлсарыға жылжымалы сорғы станциялары мен мотопомпалардың көмегімен су басқан аумақтардан 207 мың текше метрден астам су айдалды.
Республика бойынша 38 521 адам үйлеріне оралды. Эвакопункттерде 6 726 адам қалды.
Су тасқыны басталғаннан бері 12,9 миллион текше метрден астам еріген су айдалды, 7 миллион қапшық пен 1,5 миллион тонна инертті материал төселді.
Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға барлығы 20 мыңнан астам адам және 2 772 бірлік техника, 335 су айдау құралы және 249 жүзу құралы, 7 әуе кемесі жұмылдырылды.
Алға қойылған міндеттерді толық көлемде орындауға байланысты Қорғаныс министрлігінің бұрын Батыс және Солтүстік Қазақстан облысына жіберілген Алматы, Қарағанды облыстарынан күштері мен құралының бір бөлігі тұрақты орналасқан орындарына қайтарылады.
Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімінің күшімен Ақтөбе облысында жалпы ауданы 403 гектар су басқан аумаққа дезинфекция жүргізілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!