Қазақстандағы су тасқыны: қанша отбасы жаңа баспанаға ие болды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы су тасқыны: қанша отбасы жаңа баспанаға ие болды? Фото:depositphotos.com

Су тасқынынан кейін 202 қазақстандық отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтер алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Су тасқынынан кейін 202 қазақстандық отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтер алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Үкіметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша биылғы көктемде орын алған ауқымды су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген шығынды өтеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

"Бүгінде 24 641 отбасы 9,3 миллиард теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Мал шығыны үшін берілген мемлекеттік көмек көлемі 1,3 миллиард теңгеден асты.

17 мамырдағы жағдай бойынша, бүгінде 202 отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтерге ие болды. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтарға арналған 658 жаңа үй салынып жатыр", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 596 отбасына 878 миллион теңгеден астам сомаға тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы төленді. Зардап шеккен өңірлерде барлығы 10 740 тұрғын үй тексеріліп, 8 168 нысан бойынша бағалау жүргізілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети