Қазақстанда су тасқынынан кейін қираған баспананың орнына қанша отбасы үй мен пәтер алғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда су тасқынынан кейін қираған баспананың орнына қанша отбасы үй мен пәтер алғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан Үкіметі ауқымды су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген шығынды өтеу жұмыстарын жалғастырып жатқанын хабарлады. Бүгінде 29 625 отбасы 10,7 миллиард теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алған, барлығы 30 912 өтінім қабылданды.
Аталған жұмыстар Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Абай және Ұлытау облыстарында толығымен аяқталғаны айтылды. Жұмыс Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында жалғасып жатыр.
"Зардап шеккен өңірлерде 8 863 нысан бойынша залалды бағалау жұмыстары аяқталды. 356 отбасы жаңа үйлер мен пәтерлерге ие болды. 1 472 үй салынып жатыр. 1 389 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізуге 5,2 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. 3 804 отбасы материалдық шығын үшін жалпы сомасы 657 млн теңгеге өтемақы алды", - делінген хабарламада.
Айта кету керек, мал шығыны үшін берілген төлем көлемі 1,6 миллиард теңгеге жетті. Келтірілген зиянды өтеу жұмыстары жалғасып жатыр және тұрақты бақылауға алынған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!