Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы жедел ақпарат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы жедел ақпарат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 411 жеке тұрғын үй, 1 607 аула аумағы су астында қалған. Бірлескен күштермен 9,5 миллионнан астам текше метр еріген қар суы сорылды, 2,2 миллион қапшық және 1,2 миллион тонна инертті материал төселген. 3 503 тұрғын үй мен 2 157 аула аумағынан су бұрылды.
"Су тасқыны басталғалы бері 111 194 адам, оның ішінде 39 222 бала құтқарылды және эвакуацияланды. Тартылған әуе кемелерімен 3 575 адам, оның ішінде 1 157 бала құтқарылды. 11 950 адам үйлеріне оралды. Уақытша орналасу пунктеріне 6 814 адам, оның ішінде 2 995 бала орналастырылды. 106 551 ауыл шаруашылық жануар қауіпсіздік жерге айдалды. "Жедел желі" телефонына 1 716 қоңырау түсті, психологтар зардап шеккен адамдарға писхологиялық көмек көрсетіп жатыр", - делінген хабарламада.
Су жүрген 103 автожол, су шайған 80 автожол, оның ішінде 9 көпір және 71 жол төсемі бақылауда қалуда. Жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған 82 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды.
Ақмола облысында Есіл, Қоңыр өзендерінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Атбасар ауданының Самара ауылында, Жарқайың ауданының Пригородное, Құмсуат ауылдарында, Бұланды ауданының Новобратск, Никольск ауылдарында 101 жеке тұрғын үй мен 42 аула аумағы су астында қалды. 163 адам алдын ала эвакуацияланды, олар эвакуациялау пункттері мен туыстарының үйлеріне орналастырылған. Су тасқынына қарсы іс-шаралар және халыққа көмек көрсету, эвакуациялау жұмыстары жалғастырылып жатыр. Өзендер деңгейіне мониторинг жүргізіледі.
Суреттер: ТЖМ
Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне және су басу қаупіне байланысты Петропавл қаласының Борки шағынауданында, Хромзауыт шағынауданы жанындағы Карьерная көшесінде, Қызылжар ауданының Соколовка, Большая малышка ауылдарында 85 жеке тұрғын үй су астында қалған. 1 003 адам алдын ала эвакуацияланды, олар эвакуациялау пункттері мен туыстарының үйлеріне орналастырылған.
Ақтөбе облысында Торғай өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Ырғыз ауданының Нұра ауылында 10 жеке тұрғын үй су астында қалды. 655 адам Ырғыз ауылына алдын ала эвакуацияланған. Сонымен қатар, тікұшақ Жайсанбай, Құйылыс ауылдарына 2100 келі азық-түлік және 1600 литр ЖЖМ жеткізілді. Барлығы 121 адам эвакуацияланғаны айтылды. Нұра, Мамыр, Жайсанбай және Тәуіп елді мекендерінде жағалауды нығайту жұмыстары жалғасып жатыр.
Тәулік бойы авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ҚМ, ІІМ, МКҚ, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың 33 334 адам, 4 066 техника, 835 су сору және 275 жүзу құралы, 11 әуе кемесі жұмылдырылғаны хабарланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!