Қазақстандағы су тасқыны: оқиға орындарындағы жағдай туралы не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы су тасқыны: оқиға орындарындағы жағдай туралы не белгілі? Фото: ҚР ТЖМ

ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы жедел ақпарат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы жедел ақпарат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Су тасқыны кезеңінің басынан бері 99 869 адам құтқарылды, оның 36 591 бала. Уақытша орналастыру пункттерінде 6 586 адам, оның ішінде 3 197 бала бар. 9 миллион текше метр еріген су сорылды, 1,6 миллион дана қапшық және 1,2 миллион тонна инертті материал төселді.

Авариялық-құтқару жұмыстарына 34 272 адам және 4 мың бірлік техника, 17 әуе кемесі жұмылдырылды. Қазіргі уақытта Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 563 жеке тұрғын үй, 563 аула аумағы және 1 778 саяжай үйі су астында қалып отыр.

3052 тұрғын үй мен 1 935 аула аумағынан су бұрылды.

"Еліміздің 8 өңірінде жергілікті ауқымдағы 34 ТЖ әрекет етеді: Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Ұлытау облыстарында. ТЖМ азаматтарды аса мұқият болуға, су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз сақтауға, үйлерден және эвакуациялық пункттерден тиісті рұқсатсыз кетпеуге шақырады", - деді ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш ОКҚ брифингінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети