Қазақстандағы тағы бір тасжол ауыр жүк көліктері үшін ақылы болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы тағы бір тасжол ауыр жүк көліктері үшін ақылы болады Фото:depositphotos.com

Ақпанның аяғына қарай Қазақстанда Ақтөбе – Ресей Федерациясының шекарасы бағытындағы жаңа ақылы жол іске қосылады. Ақылы жолдың ұзындығы 82,7 шақырым болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақпанның аяғына қарай Қазақстанда Ақтөбе – Ресей Федерациясының шекарасы бағытындағы жаңа ақылы жол іске қосылады. Ақылы жолдың ұзындығы 82,7 шақырым болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көлік министрлігінің бұйрығына сәйкес, 22 ақпаннан бастап бұл жол учаскесінде төлем тек жүк көліктері мен автобустардың жүргізушілерінен алынады.

Маңыздысы, барлық көлік иелері төлем жасамайды. Жеңіл автокөліктер II техникалық санатқа жататындықтан, олар үшін жол жүру тегін болады.

Маршрут бойынша жол жүру тарифтері: 2025 жылы коммерциялық көлік үшін жол ақысы келесідей:

  • 16 орынға дейінгі автобустар, 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 515-600 теңге;
  • 32 орынға дейінгі автобустар, 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 1 039-1 220 теңге;
  • 32 орыннан жоғары автобустар, 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері мен автопоездар – 1 544-1 821 теңге;
  • 10-15 тонна жүк көліктері – 2 078-2 440 теңге;
  • 15 тоннадан жоғары жүк көліктері, оның ішінде тіркемелі көліктер – 2 583-3 041 теңге.

Жүргізушілер үшін арнайы абонементтер қарастырылған:

  • Айлық – 1-5 АЕК (3 932 – 19 660 теңге);
  • Жылдық – 12-60 АЕК (47 184 – 235 920 теңге).

Аталған жол учаскесі ақылы негізде 20 жыл жұмыс істейді деп жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети