30 желтоқсан 2014 | 16:29

Қазақстандағы туу және өлім-жітім көрсеткіші секундпен есептелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Қазақстанда 113 секунд сайын бір адам дүниеге келіп, 200 секунд сайын бір адам қайтыс болады. Мұндай статистиканы countrymeters.info сайтынан көруге болады, бұл жерде әлемнің кез келген еліндегі халық саны мен өзге де демографиялық және әлеуметтік процестердің өзгеру динамикасы көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 113 секунд сайын бір адам дүниеге келіп, 200 секунд сайын бір адам қайтыс болады. Мұндай статистиканы countrymeters.info сайтынан көруге болады, бұл жерде әлемнің кез келген еліндегі халық саны мен өзге де демографиялық және әлеуметтік процестердің өзгеру динамикасы көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның демографиялық көрсеткіштерін Ресейдің және Қытайдың мәліметтерімен салыстырып көрді. 30 желтоқсан күнгі сағат 14.00-15.00 аралығындағы мәліметтер есепке алынды. 

Сайттың мәліметтеріне қарағанда, Қазақстан халқының саны - 16 миллион 992 мың 993 адам. Бұл - Қытайда 2014 жылы дүниеге келген адамдардың санына пара-пар - 16 миллион 536 мың 995 адам. Қытай халқының жалпы саны - 1 миллиард 370 миллион 719 мың 895. Ресей халқының жалпы саны - 143 миллион 765 мың 683 адам. Демографиялық тұрғыдан алғанда, 2014 жылғы ең елеулі оқиға Қырым түбегінің Ресей Федерациясы аумағына қосылуы болды. Қырымдағы халық санағының негізгі қорытындылары 2015 жылдың 30 сәуіріне дейін жария етіледі. Дегенмен 2015 жылдың 1 қаңтарында Қырымда халық саны 1 миллион 977 мың адам болады деп шамаланып отыр. 

Қазақстанда әйелдердің ерлерден көп екені белгілі (52 пайыз немесе 8 миллион 830 мың 801 және 48 пайыз немесе 8 миллион 162 мың 133 адам). Ресейде де сондай жағдай: әйелдер - 77 миллион 177 мың 197 (53,7 пайыз), ерлер - 66 миллион 588 мың 486 адам (46,3 пайыз). Қытайда, керісінше, әйелдер ерлерден аз. Ерлер - 711 миллион 653 мың 409 немесе 51,9 пайыз, әйелдер - 659 миллион 66 мың 498 немесе 48,1 пайыз. 

Қазақстанда тәулігіне орташа есеппен 766 бала туылады және 432 адам қайтыс болады. Демек, орташа есеппен әрбір 113-секундта бір бала дүниеге келіп, әрбір 200-секундта бір адам өмірден өтеді. Ал Ресейде тәулігіне 5 мың 200 бала туылып, орташа есеппен 5 мың 133 адам қайтыс болады, яғни орташа есеппен секунд сайын бір бала туылып, сол уақыт аралығында бір адам өледі екен. 

Қытай Халық Республикасында орташа есеппен тәулігіне 45 мың 480 бала туылып, 26 мың 15 адам өледі. Демек, 2 секунд сайын бір бала туылады, 3 секунд сайын бір адам қайтыс болады. 

Мұндай динамика жөнінен Қытайды Үндістан басып озады. Бұл елде орташа есеппен тәулігіне 71 мың 50 бала туылады. Демек, секунд сайын бір бала өмірге келеді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети