Қазақстандағы зейнетақы жүйесін реформалау қажет - Ұлттық банк басшысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы зейнетақы жүйесін реформалау қажет - Ұлттық банк басшысы Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстандағы зейнетақы жүйесіне реформа қажет. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы зейнетақы жүйесіне реформа қажет. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сүлейменов реформа қажеттілігі туралы айта отырып, Еңбек министрлігі мен Ұлттық банктің есептеріне сілтеме жасады.

"Біздің зейнетақы жүйесін реформалау қажет деп есептеймін, бізде қалыптасқан жүйе қазірге сай келеді, бірақ болашақта Еңбек министрлігі мен Ұлттық банктің есептеулері оның реформаны қажет ететінін көрсетіп отыр", - деді Сүлейменов. брифингте айтты.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, жүйенің қазіргі құрылымы болашақ зейнеткерлерге қомақты зейнетақы төлемдерін алуға мүмкіндік бермейді.

"Сондықтан зейнетақы жүйесін реформалау қажет. Бұл дереу және қазір емес, бірақ болашақта. Яғни, ұзақмерзімді үлгілеріміз біраз өзгерістер қажет болатынын көрсетеді. Мұны Еңбек министрлігі жақсы түсінеді. Мұны, әрине, қаржы секторындағы әріптестер, әсіресе бұған тікелей қатысы барлар түсінеді", - деп қосты Сүлейменов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети