Сыртқы істер вице-министрі Роман Василенко Қазақстан бір елдің бастамасы бойынша Шенген аймағы консультациялары тізіміне енгізілгенін айтты. Қазір Сыртқы істер министрлігі түйткілді мәселені пысықтау үшін бұл қай елдің ұсынысы екенін анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сыртқы істер вице-министрі Роман Василенко Қазақстан бір елдің бастамасы бойынша Шенген аймағы консультациялары тізіміне енгізілгенін айтты. Қазір Сыртқы істер министрлігі түйткілді мәселені пысықтау үшін бұл қай елдің ұсынысы екенін анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында журналистердің сұрағына жауап берген Василенко қазақстандықтар үшін "бұл өзгерістен ешқандай қиындық туындамауы керек" деп атап өтті.
Мәселе мынада, еуропалық елдердің, айталық, Чехия, Словакияның Қазақстандағы консулы азаматтың өтінішін қабылдап, азаматтың тегін қарастырылатын жалпы жүйеге енгізеді. Бірақ қазір бұл тексеру процедурасы 7 күнге дейін созылуы керек. Осыдан кейін елшілік мөр қойып, виза беруге құқылы", - деп түсіндірді ол.
Сыртқы істер вице-министрі Қазақстанның тізімге енуіне қай ел бастамашы болғанын анықтауға ниетті екенін атап өтті.
"Ұзақ жылдар бойы бұл тізімде болмаған Қазақстан, оған бір елдің бастамасымен енгізілген, қайсы ел екенін әзірше білмейміз. Біз бұл қадамның логикасын түсіну үшін, анықтағымыз келеді. Бірақ келіссөздер жүргізу, қандай сұрақтары бар екенін білу және т.б. үшін олар бұл ақпаратты бөліседі деп үміттенеміз.
Бірақ бұл қара тізімге іліну дегенді білдірмейтінін атап өткім келеді. Консультациялар тізімі бар, бірақ ол қара емес. Бұл кеңес беру тізімі. Біздің азаматтарға виза алуды қарастыру мерзімі 15 күнге дейін. Сондықтан бұл өзгерістен біздің азаматтарға ешқандай қиындық болмауы керек", - деп қосты Василенко.
Сонымен қатар, ол Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтар үшін визалық режимді жеңілдету бойынша келіссөздер ертерек басталуына үміт артып отырғанын айтты.
Айта кетейік, 2022 жылы Қазақстан Албания және Андоррамен өзара визалық талаптардан босату туралы келісімдерге қол қойған болатын. Осыған ұқсас келісім Сербиямен де бар және Черногорияға баратын азаматтарымызға маусымдық визасыз режим қолданылады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!