Халықаралық әріптестіктің аясында бүгінде қазақстандық 400-ден астам әскери шетелде білім алып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Халықаралық әріптестіктің аясында бүгінде қазақстандық 400-ден астам әскери шетелде білім алып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстанның әскери институттары өзге елдердің әскери білім беру мекемелерімен қарым-қатынасын жақсартып келе жатыр. Халықаралық әріптестіктің аясында бүгінде 400-ден астам қазақстандық әскери шетелде білім алу үстінде", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 288 курсант пен офицер-тыңдаушылар Ресейде курстардан өтіп жатыр, 67 адам Түркияға жіберілді, Беларуське - 34 адам, 19 курсант пен офицер-тыңдаушы Украинада оқып жатыр, тағы жетеуі - Үндістанда.
Мұнымен қатар, ведомство өкілдері таяуда Францияның Қазақстандағы әскери атташесі Лионель де Ланжеронаның Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына қонақ болғанын хабарлады. Француз әскери секторының өкілінің Қазақстандағы әскери жоғары оқу орнының басшылығы мен мұғалімдерімен кездесу барысында қазақстандық әскери білім беруге жаңа мүмкіндіктердің ашылатынын мәлімдеді. Нақтырақ айтсақ, әскери атташе өтілетін курстарды француздың байланыс құралдары арқылы дамытуды және білім алушыларды Францияда оқыту мүмкіндіктерін атап өтті.