Қазақстандық әкімдіктен әскерге жолдама ұтып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық әкімдіктен әскерге жолдама ұтып алды Фото:gov.kz

Өткен айда 18 жастағы қазақстандық Рахат Қабылжан әкімдіктен әскерге жолдама ұтып алған. Жақында ол әскери ант қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Өткен айда 18 жастағы қазақстандық Рахат Қабылжан әкімдіктен әскерге жолдама ұтып алған. Жақында ол әскери ант қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметі мәліметінше, былтыр ол достарымен бірге Отан алдындағы борышын өтеуге ниет білдіріп, Жаркент қаласының әскери басқару органына жүгінген. Алайда ол кезде жасы 18-ге толмағандықтан әскер қатарына шақырылмаған.

Отан қорғаушылар күні қарсаңында қала әкімдігі тұрғындар үшін бағалы сыйлықтар ұтысын ұйымдастырып, ондағы лоттардың бірі ретінде әскерге жолдаманы қосқан. Осы ерекше сыйлықты Рахат Қабылжан иеленді. Әскерге баратын жасқа толған жас жігіт бірден Қазақстан Қарулы күштері қатарында қызмет етуге аттанды.

"Бұл тосын сый мені қатты қуантты. Жас жауынгер курсынан өткен уақыт ішінде өмірге деген көзқарасым өзгерді. Мінез шыңдалып, жауапкершілігім мен тәртібімнің артқанын байқадым", – деді қатардағы жауынгер Рахат Қабылжан.

Србаз курсы кезінде жаңадан келген жауынгер саптық, тактикалық және атыс даярлығының негіздерін меңгеріп, әскери қызмет жағдайына бейімделді. Алда Рахат пен оның қаруластарын кіші мамандар курсы бойынша үш айлық қарқынды оқу күтіп тұр, содан кейін олар әскери бөлімдерге қызмет етуге жіберіледі.

Бұған дейін Қазақстанда Қарулы Күштерге, ҰҚК Шекара қызметіне, Мемлекеттік күзет қызметіне және ТЖМ-ге көктемгі шақыру жоспары толық көлемде орындалғаны хабарланған болатын. Қазір өңірлердегі шақыру комиссиялары Ұлттық ұлан бөлімшелерін жасақтауды жалғастырып жатыр.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.23   565.39   6.76 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +22
Астана +19
Ақтау +22
Ақтөбе +18
Атырау +22
Б
Балқаш +21
Ж
Жезқазған +20
Қ
Қарағанды +20
К
Көкшетау +19
Қ
Қостанай +25
Қызылорда +20
П
Павлодар +20
Петропавл +20
С
Семей +21
Т
Талдықорған +24
Тараз +24
Түркістан +16
О
Орал +18
Ө
Өскемен +25
Ш
Шымкент +23

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер