Қазақстандық арал 1,5 миллиард теңгеге сатылымға қойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық арал 1,5 миллиард теңгеге сатылымға қойылды

Шығыс Қазақстан облысы Бұқтырма су қоймасындағы арал сатылымға қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысы Бұқтырма су қоймасындағы арал сатылымға қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Арал иесі 225 гектар жерді 1,5 миллиард теңгеге бағалап отыр. 

"Арал екі өзеннің: Ертіс пен Бұқтырманың түйіскен жерінде орналасқан", - дейді арал иесі. 

Сонымен қатар, арал орналасқан аймақта шамамен 100 туристік база бар және аралдың өзі де туризмды дамыту үшін қолайлы. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Новости Казахстана (@42500_tenge)

Жеке меншіктегі аралдың және жердің сатылатыны туралы деректі жергілікті әкімшілік тексерді. Бұл жағдайға қатысты Алтай ауданының әкімі Қалиқан Байқонысов пікір білдірді.  

"Ол 1998 жылы болған. Қаз аралы сол кездегі қолданыстағы жер заңына байланысты, ауыл шаруашылығын жүргізу мақсатында сатып алынған. Артынша арал иесінің қалауы бойынша және экономикалық соттың шешімі бойынша, учаскенің қолдану мақсаты өзгертілді. Ол тауарлық жерлер санатына ауыстырылып, ЖШС құрылды. Арал иесі бәрін сәйкестендірді. Бүгінде учаске жеке меншікте, жер тауарлық өндіріс үшін ауыл шаруашылығына сәйкес келеді", - дейді аудан әкімі. 

Қалиқан Байқонысовтың сөзінше, ол аралдың сатылатыны туралы хабардар. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети