Қазақстандық ару Оңтүстік Кореядағы модельдер байқауында жеңіске жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық ару Оңтүстік Кореядағы модельдер байқауында жеңіске жетті © "Хабар 24"

Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық модельдер байқауында қазақстандық ару жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық модельдер байқауында қазақстандық ару жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

Қазылар алқасы 30 жастағы Дана Қабылтаеваны сұлу әрі ақылды ару деп танып, 5 мың доллардан асатын сыйақы табыстады. 

"Хабар 24" телеарнасының тілшісі Владислав Цойдың айтуынша, Дана осыдан 10 ай бұрын ауруханада жатып, тұңғыш баласын дүниеге әкелген. Төрт жыл бұрын алмасу бағдарламасы бойынша Кореяға барған. Осында болашақ жұбайымен танысты. Ағылшын тілінен сабақ берді. Модельдер байқауына қатысуға құрбылары көндірген.

Биыл коронавирус пандемиясына байланысты байқауға өзге елдерден модельдер келе алған жоқ. Сондықтан подиумге Кореяда тұрып жатқан шетелдіктер шыққан. Қазылар алқасы аруымыздың сұлулығымен қатар ән шырқауы мен корей тілі білімін бағалады.

"Дана ханшайым сән көрсетілімдерінде ерекше жеңілдіктерге ие болады. Оны Кореядағы түрлі ток-шоу мен бағдарламаларға шақырады. Киноға түсіп, жарнама моделі болуына мүмкіндігі бар", - деді модель байқауы ұйымдастыру комитетінің төрағасы Ким Ин Бе.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети