Қазақстандық әскери жоғары оқу орындарының түлектері жаңа шен алады

Қазақстандық әскери жоғары оқу орындарының түлектері жаңа шен алады Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның әскери академияларын бітірген түлектерге жаңа шен берілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордағы сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның әскери академияларын бітірген түлектерге жаңа шен берілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордағы сілтеме жасап.

"Мен былтыр әскери оқу орындарының үздік түлектерін қолдау жөнінде бастама көтердім. Оларға қалыптасқан дәстүрге сай "лейтенант" емес, "аға лейтенант" шенін тапсыру қажет екенін айттым. Соған сәйкес нақты тапсырма бердім. Міне, бүгін осы бастама нақты жүзеге асырылмақ. Сіздер оқуды бітіріп, бірден "аға лейтенант" шенін алатын тұңғыш түлек боласыздар. Бұл – өздеріңізге артылған зор сенім және үлкен жауапкершілік", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы "Атамекен" этномемориалды кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсімінде.

Мемлекет басшысы Қазақтың біртуар батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың "атақты алғаннан оны арқалап жүру қиын" деген сөзі бар екенін айтты.

Жарнама
Жарнама

"Шын мәнінде, нағыз сарбаздың абырой-беделі оның шенімен емес, ең алдымен, Отан алдындағы мінсіз қызметіне қарай өлшенеді. Көптеген жастарымыз сіздерге қарап бой түзейді, үлгі алады. Бәріңіз де антқа адал болып, қазақ сардары деген атаққа әрдайым лайық боласыздар деп сенемін. Бүгін алқалы жиынға озат түлектердің ата-аналары да қатысып отыр. Сіздер Қазақстанның дәл осындай отаншыл азаматтарына тәлім-тәрбие бердіңіздер. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Жас офицерлердің алғашқы әскери шені құтты болсын! Қызметтеріңізге табыс тілеймін! Туымыз әрдайым көкте желбіресін! Қазақ елі мәңгі болсын!" - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Іс-шара барысында Мемлекет басшысы Қазақстан қоғамдық өмірдің барлық саласында соңы серпіліске ұмтылған ел ретінде орнықты дамудың даңғыл жолына түскенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама