ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері әскери институтының курсанттары - болашақ офицерлерге Мәскеу қаласының Қызыл алаңындағы әскери парадқа қатысу мәртебесі бұйырып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері әскери институтының курсанттары - болашақ офицерлерге Мәскеу қаласының Қызыл алаңындағы әскери парадқа қатысу мәртебесі бұйырып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Осыдан 70 жыл бұрын, 1945 жылы Ұлы Отан соғысында фашистерді ойсырата жеңген аға-апаларымыз Жеңіс күні дәл осы алаңда сап түзеп адымдаған болатын. Әскери оқу орнынан 74 үздік курсант іріктеліп алынды. Қазіргі уақытта курсанттар Алматыдағы тұрақты орналасқан пункттерде жаттығу жүргізіп жатыр", - делінген баспасөз хабарламасында.
Сонымен қатар, баспасөз өкілдерінің айтуынша, курсанттар сәуір айының соңында Мәскеуге барып, ресейлік әскери қызметшілермен бірге жаттығуларға кіріседі.
Сонымен қатар, 7 мамыр күні "Қазақ елі" монументінде ҚР Қарулы күштерінің бүкіл тарихындағы ауқымы жағынан теңдесі жоқ ең ірі әскерлер парадының өтетіні белгілі болды. "Парад біздің армияның, қоғамның, Қазақстан халқының жауынгерлік қуатын, бірлігін және тұтастығын көрсете отырып, егеменді еліміздің мызғымас бейнесін айқындай түседі. Қазіргі уақытта парадқа қатысушылар, қару-жарақтар мен әскери техника Астана маңындағы базаларға орналастырылған. Бүгінде әскерилердің сапты құрамы күн сайын жаттығулар өткізсе, ал 20 сәуірден бастап механикаландырылған лектер жаттығуын бастайды. Басты репетицияның өтуі 2,4 және 5 мамыр күндері жоспарланып отыр. Бұл репетиция ҚР Қорғаныс министрі мен ҚР ҚК Бас штабы бастығының қатысуымен өтеді», - деп атап өтті ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары Мүслім Алтынбаев.