15 сәуір 2022 | 16:20

Қазақстандық әскерилерді Украинаға жіберу туралы өтініш қаралған жоқ - Қорғаныс министрлігі

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Украинаға немесе кез келген басқа елге әскери қызметкерлерді жіберу туралы өтініштің түспегенін және бұндай мәселе қарастырылып жатпағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Украинаға немесе кез келген басқа елге әскери қызметкерлерді жіберу туралы өтініштің түспегенін және бұндай мәселе қарастырылып жатпағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік 14 сәуірде бейнеконференция байланысы режимінде ҰҚШҰ Әскери комитетінің кезекті отырысы өткенін атап өтті. ҰҚШҰ Әскери комитетінің отырыстарын жылына екі рет - бірінші және екінші жартыжылдықта тікелей немесе онлайн режимінде өткізу жоспарланған.

"Отырыс шеңберінде ұйымның жауапкершілік аймағындағы әскери қауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ дағдарысқа қарсы әрекет ету тетіктерін жетілдіру және ұйымға мүше елдер қарулы күштері авиациясының халықаралық ұшуларын ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Тараптар 2022 жылы Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын бірлесіп даярлау шараларын өткізу жоспарын мақұлдады.

Кез келген операцияға қатысу үшін ҰҚШҰ контингенттерін жіберу мәселесі отырыстың күн тәртібіне енгізілген жоқ", - делінген Қорғаныс министрлігінің баспасөз хабарламасында.

Қорғаныс министрлігі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, оның ішінде ҰҚШҰ аясындағы халықаралық міндеттемелерді орындауға Қазақстанның әскери контингентін жіберу бойынша іс-қимыл алгоритмі туралы бірнеше рет түсіндірме бергенін атап өтті.

"Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың 4-бабына "сәйкес егер ұйымға мүше елдердің бірі қандай да бір мемлекет немесе мемлекеттер тобы тарапынан агрессияға ұшыраса, онда бұл осы Шартқа мүше елдердің бәріне қарсы агрессия ретінде қаралатын болады. Қатысушы мемлекеттердің кез келгеніне қарсы агрессия акті орын алған жағдайда ұйымға мүше барлық мемлекеттер оған әскери көмекпен қоса, қажетті көмек береді, сондай-ақ БҰҰ Жарғысының 51-бабына сәйкес ұжымдық қорғаныс құқығын жүзеге асыру тәртібімен олардың иелігіндегі қаражатқа қолдау көрсетеді".

Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шартқа сәйкес ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын пайдалану туралы шешімді мүше елдердің басшылары қабылдайды. Сонымен қатар ұйымға мүше болуға өтініш берген мемлекеттің аумағына әскери контингенттер ұлттық заңнаманы ескере отырып жіберіледі.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгершілік қызметі туралы келісімге сәйкес ұйымға кірмейтін аумаққа Ұжымдық бітімгершілік күштерді енгізуді Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің санкциясымен және екі тараптың келісімімен ғана іске асуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындауға Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери контингентін жіберу туралы шешімді ел Президентінің тиісті ұсынысы негізінде Парламент қабылдайтыны атап өтілді.

"Қазақстандық әскери қызметкерлерді Украинаға немесе басқа елге жіберу туралы өтініш түскен жоқ, мұндай мәселе қаралған да емес", - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети