Қазақстандық әуе компаниясы Ливияға қару-жарақ тасымалдады деп айыпталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Көрнекі сурет: elements.envato.com Көрнекі сурет: elements.envato.com

Еуропалық одақ жүк тасымалдайтын қазақстандық Sigma Airlines әуе компаниясына қатысты санкция салды. Компанияға Ливияға қару-жарақты заңсыз тасымалдады деген айып тағылды. Бұл туралы КТК телеарнасының сюжетінде айтылды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Еуропалық одақ жүк тасымалдайтын қазақстандық Sigma Airlines әуе компаниясына қатысты санкция салды. Компанияға Ливияға қару-жарақты заңсыз тасымалдады деген айып тағылды. Бұл туралы КТК телеарнасының сюжетінде айтылды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Телеарна мәліметінше, БҰҰ ішкі қақтығыстардан көз ашпай келе жатқан Ливияға қару-жарақ жеткізу немесе қолдау көрсетуге қатаң тыйым салған. Қазір отандық әуе компаниясының қылмыстық әрекетке тікелей қатысы бар-жоғын халықаралық ұйым бүге-шігесіне дейін тексеріп жатыр. 

Еуропалық одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Жозеп Боррель санкциялық тізім бекітілгенін айтты.

"Бүгін санкциялық тізім бекітілді. Адам құқығын бұзған екі жеке тұлға және БҰҰ-ның эмбаргосын бұзған үш әуе компаниясына санкция салынды. Еуропалық одақ адам және халықаралық құқықтарды сақтамағандарды жауапкершілікке тартуға тырысады. Сондай-ақ, Ливияға қару-жарақ тасығандарды тоқтатуға күш салады", - деді ол.

Арна тілшілері мән-жайды білуге басы дауға қалған әуе компаниясының Алматыдағы кеңсесіне барған. Бірақ мекеме қызметкерлері жауап беруге құлықсыз. Камераны көрген олар жан-жаққа қашып, кабинеттеріне тығылып әлек болды. Компания басшысы тек телефон арқылы тілдесуге келіскен.

Өмірбек Жарменұлының айтуынша, Sigma Airlines 15 жылдан бері әлемнің түкпір-түкпіріне жүк тасыған. Компанияның ұшақтары қазір Бірікке Араб Әмірліктерінде тұр екен. Ал "Ливияға халық тұтынатын тауар тасымалдадық" деген директор Еуроодақтың таққан кінәсін жоққа шығарды. 

"Сол жаққа 2019 жылдары ұшып жүргенбіз. Ливияға халық тұтынатын тауар тасымалдадық. 2019 жылы өзім тоқтаттым. Өйткені қақтығыс ушығып кетті. Мен құзырлы органдардан ресми жауап күтіп отырмын. Егер жауап бермесе, менікі 100 пайыз дұрыс деген сөз", - деді Sigma Airlines ЖШС атқарушы директоры Өмірбек Жарменұлы.

Азаматтық авиация комитеті санкияға іліккен әуе компаниясына қатысты тексеру жүріп жатқанын жеткізді. Ал компанияның ұшу сертификаты үш үй бұрын тоқтатылыпты.

"Өйткені Sigma Airlines халықаралық азаматтық авиация ұйымының талаптарын орындамады", - дейді құзырлы органдағылар.  

"Сертификатқа қатысты тексеру жүргізілді. Сол тексеруге қарап, ол әуе компаниясының сертификаты 29 мамырда тоқтатылған. Қазір қауіпсіздік кеңесі тексеріс жасап, өздері жұмыс істеп жатыр. Ливиядағы азамат соғысы 2011 жылы басталған болатын. Содан бері елде үкіметтік күштер мен ұлттық әскер арасындағы қақтығыс тыйылмай тұр. Қос тарапқа ірі державалар қаруды әуе, құрлық және теңіз жолдары арқылы тасымалдап келеді", - Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Ардақ Өтепов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro