18 қазан 2016 | 12:54

Қазақстандық ауыл шаруашылығына несиенің жаңа түрі беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Kazgazeta.kz © Kazgazeta.kz

Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов Үкімет отырысы барысында ҚР ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін қаржыландыруға бағытталған жаңа несиелік өнімдер жайлы мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов Үкімет отырысы барысында ҚР ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін қаржыландыруға бағытталған жаңа несиелік өнімдер жайлы мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

"Ынтымақ - ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін қаржыландыруға бағытталған жаңа несиелік өнімдері бекітілді, Игілік - ауыл шаруашылығы жануарларын өсіру, Бірлік - сүт қабылдау бекетін құру, Береке - отбасылық бордақылау алаңын құру", - деді вице-министр.

Ол ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін микронесиенің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ бір реттік несие көлемін 16 миллион теңгеге дейін және несие мерзімін 7 жылға дейін ұзарту жөніндегі ЖҚЖК-2020 бойынша Үкімет қаулысына өзгерістер енгізілетінін атап өтті.

"Жоғарыда айтылған іс-шараларға байланысты министрлік әрбір облыста пилоттық жоба жүзеге асырылатын аудандарды анықтау үшін тиісті жұмыстарды атқарып жатыр. Ол жерде жүзеге асырылып жатқан іс-шаралардың талаптарын қанағаттандыратын кооперативтер құрылады. Ал келесі ретте сол кооперативтердің тәжірибесін өзге аймақтарда көбейту үшін пайдаланылады", - деді вице-министр.

ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов Үкімет отырысы барысында ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету шаралары мен ауылдық жерлерде кооперацияны дамыту туралы мәлімдеді.
 
Қайрат Айтуғанов ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту және қайта өңдеу қуаттарын жүктеу жеке шаруашылықтар әлеуетін пайдалану есебінен жүзеге асырылатынын айтты. ҚР АШМ облыс әкімдіктерімен бірлесе отырып және ҚР ДСӘДМ жыл соңына дейін нақты міндеттер мен индикаторларды анықтайтын үшжақты қадамдық жоспарына қол қойды.  Сонымен қатар, іс-шараларды жүзеге асыратын жұмыс тобы құрылды және өңірлерде түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін құжаттар пакеті дайындалды.

"28 шілде мен 30 тамыз аралығында барлық облыстарда, сондай-ақ бірқатар аудандарда ауылдық округ әкімдерінің және аудандар әкімдерінің орынбасарларының қатысуымен кеңестер өтіп, іс-шаралардың іске асыру механизмі, кооперативтер құрудың негізі және қаржыландыру шарты жайлы егжей-тегжейлі түсіндірілді", - деп хабарлады бірінші вице-министр.

Қайрат Айтуғанов әкімдіктерге бекіткен жоспарға сәйкес, ағымдағы жылдың соңына дейін 150 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылатындығын айтты. Ол 100 сүт қабылдау бекеті мен  2 200-ден астам отбасылық бордақылау алаңын біріктіреді.

"Осы жылдың 15 қазанындағы жағдай бойынша 42 сүт қабылдау бекеті және 3 200 отбасылық бордақылау алаңы құрылды", - деді Қайрат Айтуғанов. Сондай-ақ, бірінші вице-министр кооператив құруда формалды амалды болдырмас үшін кооперативке жеке шаруа қожалықтарын көбірек тарту үшін онда кем дегенде 20 қатысушы болу міндеті қойылғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкімет отырысы кезінде "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы аясында ауылдардағы жұмыспен қамту барысы туралы есеп берді. Министрдің мәліметіне сәйкес, 2011 жылдан бері 41,6 мың адам шағын несие алса, оның ішінде 27,2 мың адам кәсіпкер атанған. Шағын несие алғандар 38,5 мың қосымша жұмыс орындарын ашты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети