Қазақстандық әйел әкесін өз үйінен шығарып тастамақ болған

Қазақстандық әйел әкесін өз үйінен шығарып тастамақ болған Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық әйел өз иелігіндегі үйден әкесін сот арқылы шығармақ болды. Алайда апелляциялық және кассациялық сатыдағы сот ер адамның жағына шығып, оның баспанада тұруын жалғастыру құқығын таныды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот ақпаратынша, әйел өзінің тұрғын үй иесі екенін алға тартып, әкесін үйден шығару туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Бірінші сатыдағы сот оның талаптарын қанағаттандырды. Бірақ апелляциялық сот бұл шешімнің күшін жойып, талап арызды қанағаттандырудан бас тартты.

Жарнама
Жарнама

"Жауапкер - талап қоюшының туған әкесі. Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 68-бабына сәйкес, тұрғын үй меншік иесінің отбасы мүшелері аталған тұрғын үйді меншік иесімен тең дәрежеде пайдалануға құқылы", - деп хабарлады сот.

Сонымен қатар ер адам бұл үйде 2022 жылдың қыркүйегінен бастап заңды негізде тұрып келген, ал қызы осы уақыт бойы оның тұруына қарсылық білдірмеген.

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот апелляциялық сатының тұжырымдарымен келісіп, оның қаулысын өзгеріссіз қалдырды.

Сотта үйден шығару туралы талап жауапкердің жалғыз баспанасына болған құқығын бұзатыны атап өтілді. Осыған байланысты талап арыз негізсіз деп танылып, ер адам қызының үйінде тұру құқығын сақтап қалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін қайтыс болған Тараз тұрғынының Норвегияда тұрақты тұратын екі қызы мұрагерлік мерзімді өткізіп алуына және құжат рәсімдеудегі қиындықтарға байланысты мұрадан айырылып қала жаздаған болатын.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама