Норвегиялық апалы-сіңілі Тараздағы мұрасынан айырылып қала жаздады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Норвегиялық апалы-сіңілі Тараздағы мұрасынан айырылып қала жаздады Фото:depositphotos.com

Қайтыс болған Тараз тұрғынының Норвегияда тұрақты тұратын екі қызы мұрагерлік мерзімді өткізіп алуына және құжат рәсімдеудегі қиындықтарға байланысты мұрадан айырылып қала жаздады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Тараз сотының мәліметінше, марқұмның екі қызы мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы талап арызбен жүгінген. Әйелдердің айтуынша, олар Норвегияда тұрақты тұратындықтан, 2024 жылдың қазанында әкесінің қайтыс болғанын төрт айдан кейін ғана білген.

"Құжаттарды рәсімдеу кезінде талап қоюшылар бюрократиялық сипаттағы кедергілерге тап болды – нотариус мұрагерлердің тегі ағылшын тілінде көрсетілген сенімхаттарды қабылдаудан бас тартқан. Осыған байланысты нотариус оларға мұрагерлік құқығы туралы куәлік беруден де бас тартты", - деді сот өкілдері.

Істі қарау барысында сот талап қоюшылардың марқұмның үшінші қызымен бірге бірінші кезектегі мұрагерлер екенін анықтады. Бірінші кезектегі басқа мұрагерлер жоқ.

Жауапкер талап қоюды толық мойындап, оны қанағаттандыруға қарсы болмады.

Ұсынылған дәлелдемелерді бағалай келе, сот мерзімді өткізіп алу себептерін дәлелді деп таныды. Сот апалы-сіңілі Қазақстаннан тыс жерде тұрақты тұратынын, әкесінің қайтыс болғаны туралы мәліметтерді уақытылы алмағанын және құжат рәсімдеу кезінде объективті кедергілерге тап болғанын атап өтті.

Сот шешімімен қыздарға мұраны қабылдау мерзімі қалпына келтірілді және олар әкесі қайтыс болғаннан кейін мұраны қабылдады деп танылды.

Шешім заңды күшіне енді.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +34
Астана +33
Ақтау +31
Ақтөбе +32
Атырау +34
Б
Балқаш +35
Ж
Жезқазған +35
Қ
Қарағанды +29
К
Көкшетау +27
Қ
Қостанай +39
Қызылорда +33
П
Павлодар +26
Петропавл +33
С
Семей +36
Т
Талдықорған +38
Тараз +42
Түркістан +28
О
Орал +32
Ө
Өскемен +39
Ш
Шымкент +34

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер