Қазақстандық әйел вирус жұқтырғаннан кейін қайтыс болған: кінәлі 4 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық әйел вирус жұқтырғаннан кейін қайтыс болған: кінәлі 4 жылға сотталды Фото:depositphotos.com

АИТВ жұқтырып, емделуден қашқан қарағандылық сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АИТВ жұқтырып, емделуден қашқан қарағандылық сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шахтинск қалалық сотында адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтырғаны (ҚК 118-бабы 2-бөлігі) бойынша айыпталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

2015 жылы ер адамға АИТВ жұқтырған деген диагноз қойылған. Емдеуден жалтарып, басқаларды жұқтырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны, сондай-ақ сақтық шараларын сақтау қажеттігі туралы оған ескертілген.

Ол 2016-2023 жылдар аралығында ауруын ескертпестен бір әйелмен бірге тұрған. Салдарынан ол жәбірленушіге АИТВ инфекциясын жұқтырған, соның салдарынан әйел адам қайтыс болған.

Сотталушының кінәсі сот-медициналық сараптамасының қорытындысымен расталды, оған сәйкес жәбірленушінің өліміне екіншілік аурулардың дамуымен АИТВ-инфекциясы және басқа да іс материалдары себеп болған. Сотталушы өз кінәсін мойындамады.

Қылмыстық кодекстің 118-бабының 2-бөлігінің санкциясында 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Іс бойынша қылмыстық жауаптылықты немесе жазаны жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ. Ауырлатылған мән-жайлар – қылмыс ауыр зардаптарға әкеп соқтырған – жәбірленушінің өлімі деп танылады.

Сот сотталушыны Қылмыстық кодекстің 118-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айырды. Оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары – мәжбүрлеп емдеу тағайындалды.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети