Қазақстандық әйелге сурет үшін айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық әйелге сурет үшін айыппұл салынды Фото:depositphotos.com

Атырау тұрғынына 129 мың теңге айыппұл салынды. Бұған әлеуметтік желідегі сурет себеп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық сотына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау тұрғынына 129 мың теңге айыппұл салынды. Бұған әлеуметтік желідегі сурет себеп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық сотына сілтеме жасап.

Атыраудың Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі соты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу" бойынша істі қарады.

Атырау тұрғыны "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында діни мазмұндағы суретті көпшілікке жариялап, осы бапты бұзған.

"А-ның кінәсі сот отырысында зерттелген іс материалдары, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, сарапшының қорытындысы, әңгімелесу хаттамасымен расталды", - делінген сотта.

Әйелге 129 мың 220 теңге айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 506.65  course up  593.07  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети