Қазақстандық балалар Ұлыбритания премьер-министрімен шырша шамын жағу рәсіміне қатысты

Дина Шарипханова Корреспондент

Лондонда салтанатты түрде шырша жарығын жағуға төрт қазақстандық оқушы қатысты. Олар мектеп оқушыларымен бірге Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунактың резиденциясына шақырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Лондонда салтанатты түрде шырша жарығын жағуға төрт қазақстандық оқушы қатысты. Олар мектеп оқушыларымен бірге Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунактың резиденциясына шақырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Асылназ есімді 7 жастағы 3-сынып оқушысының анасы ерекше оқиғаны айтып берді. Ерлі-зайыпты Мерей мен Жұлдыз Қуандықовтар Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінде жұмыс істейді. Олардың қызы ұлыбританиялық бастауыш мектепте оқиды.

"23 қарашада сынып оқушылары шыршаны жағуға барады деген хат алдық. Премьер-министрдің болатыны еш жерде айтылмады. Мұны жергілікті тұрғындар түсінген шығар, бірақ біз жаңадан келгендіктен, оны білмедік. Дүйсенбі күні әдеттегідей балаларды мектепке жібердік", - дейді Жұлдыз.

Реклама
Реклама

Түстен кейін Асылназдың сыныбы мектеп директоры және сынып жетекшісімен бірге Даунинг-стритке – Вестминстердегі шағын көшеге барған. Бұл 200 жылдан аса Ұлыбритания үкіметінің ең маңызды қайраткерлерінің резиденциясы орналасқан көше ретінде белгілі.

"Қызымыздың әйгілі Даунинг-стрит №10-дағы премьер-министрдің резиденциясында болғанын және премьер-министрмен бірге шыршаны жаққанын кешке білдік!" - деп бөлісті Асылназдың анасы.

Сыныпта Асылназбен бірге елшіліктің қазақстандық қызметкерлерінің тағы үш баласы оқиды. Олар да Ұлыбритания премьер-министріне барған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная