Қазақстандық балалардың математикалық дағдыларын не үшін дамыту керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық балалардың математикалық дағдыларын не үшін дамыту керек?

Математикалық ойлауды не үшін дамыту керек? Бұл туралы i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында "Пифагор" онлайн мектебінің негізін қалаушысы және директоры Асан Жолдасов түсіндіреді. Сондай-ақ ол Қазақстанның қай мектептерінде математиканы жақсы үйрететінін айтады , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жобаның бас серіктесі - KCELL компаниясы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Қонақтар тәжірибесін бөлісіп, ұсыныстар мен пайдалы кеңес береді. Эфир аптасына екі рет жүргізіледі - бейсенбі мен жексенбі.

Бүгін, 30 тамыз сағат 20:00-де Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасында спикер "Математикалық ойлауды қалай және не үшін дамыту керек?" атты тақырыпта әңгіме өрбітеді.

Асан Жолдасов Ferum Logic стартабын құруға қатысқан, Аналарға арналған үй салған (қайырымдылық қоры). "Пифагор" компаниялар тобының бас директоры, ол өскелең ұрпақты оқытумен айналысатын мектеп. Мектеп Қазақстандағы білім нарығында 2008 жылдан бері қызмет етіп келе жатыр. 10 жылдан аса уақыт аралығында 10 мыңға жуық оқушы білім алған, оның 1000-ы түрлі республикалық және халықаралық олимпиаданың чемпионы мен жеңімпазы атанған. 

Жүргізуші - журналист, телерадиожүргізуші Махаббат Есен. 

Сұхбат үзіндісін Tengrinews.kz сайтынан оқып, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай аласыз. i-balaqai жобасы аясында подкаст, пайдалы мақалалар мен видеолар шығады. 

Сондай-ақ видео-сұхбатты Tengri-TV-дің YouTube-арнасыннан және Tengrinews.kz-тің Facebook желісіндегі парақшасынан көруге болады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети