Қазақстандық балық контрабандасы үшін айыпталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық балық контрабандасы үшін айыпталды Фото: depositphotos.com

Алматы облысы Қонаев сотында аса ірі көлемдегі балық өнімі "көксерке филесі" контрабандасы бойынша іс жүргізу аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Қонаев сотында аса ірі көлемдегі балық өнімі "көксерке филесі" контрабандасы бойынша іс жүргізу аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекеттік айыптаушылар 2021 жылдың қазаны мен 2022 жылдың қыркүйегі аралығында компания басшысы азамат И. браконьерден заңсыз ауланған балықты сатып алып, Еуропалық Одақтың әр түрлі елдеріне экспорттағанын дәлелдеді.

"Экспортқа рұқсат алу үшін жасанды көксерке өсіруге мүмкіндігі жоқ шаруа қожалығында балықтың шығу тегі туралы жалған құжаттар пайдаланды.

Заңсыз экспортталған балық өнімдерінің жалпы құны 210 миллионнан астам теңге болды", - делінген хабарламада.

26 шілдеде сот үкімі бойынша азамат И. ҚК-нің 234-бабының 2-бөлігінің 4-тармағымен кінәлі деп танылып, 210 миллион теңге кедендік төлемдерді мемлекет кірісіне өндіре отырып, оған бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети