28 қыркүйекте екінші деңгейлі банктердің интернет-ресурстарына жасалған хакерлік шабуылдар әлі де жалғасып жатыр. Бұл туралы ҰҚК төрағасының орынбасары Дәулет Ерғожин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
28 қыркүйекте екінші деңгейлі банктердің интернет-ресурстарына жасалған хакерлік шабуылдар әлі де жалғасып жатыр. Бұл туралы ҰҚК төрағасының орынбасары Дәулет Ерғожин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгінде біздің Мемлекеттік техникалық қызмет осы шабуылдарға тойтарыс беріп жатыр. Кеше түстен кейінгі уақытта және түні бойы шабуылдар жасалды. Кезекшілеріміз жағдайды түні бойы бақылап отырды. Барлық шабуыл тоқтатылды. Бірақ бүгінде дейін тағы бір банкке шабуыл жалғасып жатыр. Бұл жағдайдан хабардармыз", - деді Дәулет Ерғожин.
Сондай-ақ, ҰҚК төрағасының орынбасары ведомствоның банкті неліктен хакерлік шабуылдардан қорғап жатқандарын түсіндірді.
"Мемлекеттік техникалық қызмет киберкеңістіктегі маңызды инфрақұрылымның қауіпсіздігі үшін жауап береді. Банк осы инфрақұрылымға кіреді, яғни, біз банктерді қорғауымыз керек. Ұлттық банкпен келісім бар. Екінші деңгейлі банктер өздерін өзі қорғайды, олардың өзіндік коммерциялық құрылымдары бар. Бірақ бұл инфрақұрылым біздің қоғам үшін өте маңызды болғандықтан біз оларды қорғау үшін абрлық қажетті шараларды қабылдап жатырмыз", - деді Ерғожин.
Сонымен қатар, ведомстводағылар хакерлік шабуылдардың бір уақытта бірнеше елден жасалғанын айтты.
Еске сала кетейік, кеше, 28 қыркүйекте қазақстандық бірнеше банктің серверлеріне хакерлік шабуыл жасалғаны жайлы хабарланған болатын. Қаржы институты мамандарының 2017 жылдың 28 қыркүйегінде бір уақытта бірнеше IP-ден келген жалған сауалнамалар түріндегі Ddos хакерлік шабуылды тіркегені айтылған еді.