"Қазақстандық бауырларымызға алғыс айтамыз" - Түркия СІМ

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстандық бауырларымызға алғыс айтамыз" - Түркия СІМ

Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мырзамен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Түркияның шетелдік ведомствосы мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Чавушоглу Қазақстанға Түркиядағы орман өртін сөндіруге көмектескені үшін алғыс айтты.

"Қазақстандық бауырларымызға ынтымақтастық пен қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз", - деп жазылған Түркия Сыртқы істер министрлігінің Twitter-парақшасында.

Қазақстан тарапы жауап ретінде орман өрті басталған Манавгат қаласында "Қазақстан-Түркия достық орманын" құруды ұсынды.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 7 тамызда "Қазавиақұтқару" АҚ-ның суағар құрылғылары бар Ми-8 АМТ екі тікұшағы және орман өртін сөндіруге көмек көрсету үшін 16 құтқарушы Түркияға жіберілгені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети