Қазақстандық блогерлер табысын көрсете бастады: министрлік сомасын атады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов блогерлерге салынған салық туралы жаңа мәліметтерді айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов блогерлерге салынған салық туралы жаңа мәліметтерді айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Біржановтың сөзінше, Қазақстанда 50-ден аса блогер салық төлеген.

"Бүгінде 50-ден аса блогер 2,5 миллиард теңге көлеміндегі кірісін көрсетті. Ол бойынша салық төленді", - деді Біржанов Мәжіліс дәлізінде.

Вице-министр нақты ақпаратты айдың соңына дейін хабарлауға уәде берді.

"Әлі уақыт бар. 30 жұмыс күні берілді. Наурыздың соңына дейін салыстырып, ақпарат береміз", - деді Біржанов.

Айта кетейік, жуырда премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин салық төлемегендер тізіміне енген қазақстандық блогерлер қарыздарын өтей бастағанын айтты.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық блогерлерге 53 млрд теңге төлеуге бір ай уақыт берілді. Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, 594 адам кірісін жалпы сомасы 53,3 миллиард теңгеге төмендеткен. Енді блогерлер нақтыланған салық есебін тапсырып, салық төлеуі керек немесе 30 жұмыс күні ішінде түсініктеме беруі қажет.

Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Дина Құсайынова салық органдарына қазақстандықтардан шағым түскенін мәлімдеді. Ол блогерлерге хабарламалар 2025 жылғы ақпанда 2022 және 2023 жылдардағы деректерді талдау нәтижесінде жіберілгенін айтты.

Мемлекеттік кірістер комитеті бұдан кейін де әлеуметтік желілерде тарап кеткен блогерлердің тізімі мен олардың табысы туралы ақпаратқа пікір білдіріп, бұл тізім ресми құжат емес екенін және жүргізіліп жатқан салық тексерісіне қатысы жоқ екенін айтты.

Артынша Мемлекеттік кірістер комитеті блогерлерге қатысты тағы бір мәлімдеме жасап, 19 ақпанда жалпы сомасы 9,8 млрд. теңгеге 93 блогерге жіберілген 169 хабарлама кері қайтарылғанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 489.59  course up  533.69  course up  5.67  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro