21 қазан 2019 14:59

Қазақстандық боксшы қыздар Нидерландыда үздік нәтижеге қол жеткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нидерландыда бокстан әйелдер арасында халықаралық Эйндховен кубогі өтті. Қазақстан сапынан қатысқан алты спортшы да жүлдегерлер қатарынан көрінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға қос қазақстандық боксшы Лукас Ангелина мен Жансая Абдраимова жұдырық түйістірді. Нәтижесінде Ангелина - алтын, Жансая - күміске ие болды. Оған қоса, Ангелина жарыстың ең үздік боксшысы атанды.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дәметкен Келімбет екінші алтынды қоржынға салды. Ол финалда Мали спортшысынан басым түсті.

Ал 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сандуғаш Әбілхан финалға шығып, португалиялық қарсыласын жеңіп, жарыс жеңімпазы болды.

Сания Сұлтанқызы 57 келіге дейінгі салмақта ел қоржынына қола жүлде салды, ал Арайлым Бекділдә 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медальға ие болды. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети