Қазақстандық дәрігерлер испаниялық туристі аман алып қалды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық дәрігерлер испаниялық туристі аман алып қалды

Алматы қалалық №4 ауруханасының дәрігерлері 44 жастағы испаниялық турист Фернандо Боделонның өмірін сақтап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық №4 ауруханасының дәрігерлері 44 жастағы испаниялық турист Фернандо Боделонның өмірін сақтап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.

Ер адам Қазақстанның танымал жерлерін аралау үшін Мадридтен Алматыға ұшып келген. Ол ұшақ қонуына бірнеше сағат қалғанда өзін нашар сезінген.

"Мойным ауырғанын сездім, қатты бозарып кеттім, бірнеше рет құстым. Содан кейін сол қол мен сол аяқта әлсіздік пайда болды. Алматы әуежайына қонғаннан кейін мені жедел жәрдем дәрігерлері қарсы алды", - дейді Боделон.

Қабылдау бөліміне келген кезде туристің жағдайы ауыр деп бағаланған. Нейрохирургтер шетелдік қонақтың өмірі үшін 27 күн бойы күрескен.

"Миға жасалған компьютер томографиясы ми ісінгенін көрсетті. Науқас шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылды", - деді №4 ҚКА қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі Магадин Хайроев.

Оның өмірін құтқару үшін шұғыл операция қажет болған. Оған нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Нұржан Әжібеков, ассистент Эльдар Бесенов және анестезиолог Маржан Мусина кіріскен. Операция 60 минутқа созылып, сәтті аяқталған. Дәрігерлер қан айналымын қалпына келтірген.

"Бақылаудан кейін Фернандоның жағдайы жақсарып, ауруханадан шығарылады", - дейді №4 ҚКБ нейрохирург - дәрігері Алдоңғар Айсауытов.

Шығарылғаннан кейін бірден ер адам Испанияға оралып, онда оңалту курсынан өтеді. Болашақта турист басталған саяхатты жалғастырып, Қазақстанға оралуды жоспарлап отыр.

"Бұл клиниканы, дәрігерлер мен қызметкерлерді әрдайым есте сақтаймын. Маған екінші мүмкіндік бергендеріңізге рақмет", - деді Фернандо Боделан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети