24 наурыз 2016 | 12:03

Қазақстандық дәрігерлер науқастармен сыпайы қарым-қатынас жасауға міндеттелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© dermalatlas.ru © dermalatlas.ru

Қазақстандық дәрігерлер науқастармен сыпайы болу міндеттелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай ереже ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастырудың Стандарттарында жазылған. Бұл стандарт ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың бұйрығымен қабылданды.  

Иконка комментария блок соц сети

Құжат Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылдың 4 наурызында тіркеліп, 2016 жылдың 14 наурызында ресми түрде жарияланған. Стандарт халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастырудың талаптарын бекітеді.  

Нақтырақ айтқанда, онда жазылған әрекеттер алгоритміне сәйкес, учаскелік терапевттер, жалпы тәжірибедегі дәрігерлер, фельдшерлер мен медбикелер науқаспен жылы шырайда амандасып, онымен сенімді қарым-қатынас орнатуы керек, сонымен қатар, сыпайы түрде қоштасуы керек. 

Мұнымен бірге, медициналық жұмысшылар науқасты әр қабылдап, қарау алдында қолын жуып, қажет болғанда бетперде киюі керек екен. 

Бұл ереже әлеуметтік жұмысшыларға да қатысты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети