Қазақстандық дәрігерлер жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Түркияға жөнелтілуі мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Гиният мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық дәрігерлер жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Түркияға жөнелтілуі мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Гиният мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің ауқымы мен көптеген адам шығыны бүкіл әлемді дүр сілкіндіріп, әрқайсымыздың өзегімізді өртеді.
Медицина қызметкерлері табиғи апат салдарынан қаза тапқан азаматтар үшін бауырлас түрік халқының қайғысына шын жүректен ортақ.
Құлаған ғимараттардың астында қалған адамдардың тезірек құтқарылуын, жараланғандардың сауығуын және қираған қалалардың қалпына келтірілуін тілейміз.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Түркия Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен тікелей байланыста және бірінші кезекте біз апаттан зардап шеккендерге медициналық және дәрілік көмек көрсетуге дайын екенімізді білдірдік.
Қазіргі уақытта Түркияға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері бар құтқарушылар жасағы ұшып кетті.
Медициналық көмекті күшейту қажет болған жағдайда Қазақстан тарапынан Түркияның зардап шеккен аудандарына жіберу үшін дәрігерлер бригадасын құрып, дайын отырмыз", - деп жазды Ғиният Facebook парақшасында.
Белгілі болғандай, Қостанай облыстық ауруханасының дәрігерлері – нейрохирург Евгений Ковалев, травматолог Сергей Нелепин және реаниматолог Мансур Караев Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсететін қазақстандық дәрігерлер бригадасының құрамына енді. Бұл туралы "Наша газета" жазды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!