Мәжіліс пен Сенат депутаттары Айгүл Құспан мен Мұхтар Құл-Мұхаммед ТМД істері жөніндегі Мемлекеттік Дума комитеті төрағасының бірінші орынбасары Константин Затулиннің Қазақстан туралы мәлімдемесіне пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәжіліс пен Сенат депутаттары Айгүл Құспан мен Мұхтар Құл-Мұхаммед ТМД істері жөніндегі Мемлекеттік Дума комитеті төрағасының бірінші орынбасары Константин Затулиннің Қазақстан туралы мәлімдемесіне пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәжілісмен Айгүл Құспанның айтуынша, Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуы қарсаңында Затулин "Қазақстанды қорқытпақ болып, шабуыл жасады".
"Өкінішке қарай, осындай депутаттардың кесірінен жақын шетелдегі дос Ресейдің бейнесі басқыншы, менмен, надан болып көрінеді. Осындай саясаткерлер қазақ және басқа ұлтшылдардың ойдан шығарылған тақырыбын пайдаланып, Ресейдің мүддесіне қарсы ойнайды. Затулиннің жаңа мәлімдемесін өте жағымсыз, үстірт әрі негізсіз деп бағалау керек", - деп жазды ол Facebook парақшасында.
Депутаттың айтуынша, ішінара жұмылдыру жарияланғаннан кейінгі бірінші күні-ақ Қазақстанға 10 мыңға жуық ресейлік келді. Билік те, халық та оларға ешқандай кедергі келтірмеді.
"Бұл біздің елде орысофобияның жоқтығын көрсетеді. Депутат Затулин, неге екені белгісіз, мұны байқамайды, бірақ, сонымен бірге, еліміздің билік өкілдерін Ресейге адал екенін көрсету үшін Қазақстан экономикасын Батыстың екінші дәрежелі санкцияларына беруге шақырады. Бірақ бұл Қазақстан халқының мүддесіне айтарлықтай зиян келтіреді", - деді мәжілісмен.
Константин Затулиннің "Қазақстанның Ресеймен қарым-қатынастағы тайғақ жолы" туралы мәлімдемесіне сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед те түсініктеме берді.
"Депутат Затулиннің рейтингі төмендей салысымен ол арандатып сөйлей бастайды. Бұл бұрын да, тіпті бірнеше рет болған", - деп есептейді ол.
Қазақстандық банктер "Мир" банк картасына қатысты дұрыс әрекет етті, дейді депутат.
"Біріншіден, екінші деңгейлі банктердің бәрі жеке меншік саналады және олар қай банк картасымен жұмыс істейтінін өздері анықтайды. Екіншіден, "Мир" картасы төңірегінде шу мен жанжал көп болды. Ал ақша, үнсіздікті жақсы көреді. Сондықтан депутат "уайымы" мен "наразылығын" өзі сияқтылардың арқасында қиын жағдайға тап болған өзінің банк жүйесіне сақтасын. Бізге жол көрсетпес бұрын, өзі санкция тізімінен қалай шығатынын ойласын", - деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!