Дизайнер Сәбит Bisen-нің өлімі туралы іс Алматы сотына жолданды. Бұл ақпаратты Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі растады. Еске салайық, қазақстандық дизайнер 2020 жылдың күзінде қаза тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына келіп түскені хабарланды.
"Іс қарау сатысында. Сотталушы Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша айыпталып жатыр", - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметіндегілер.
Бұған дейін Алматыда дизайнердің өліміне күдікті ретінде қаза тапқан жігіттің қызының 1991 жылғы ағасы ұсталғаны хабарланған еді. Полицейлердің хабарына қарағанда, күдікті дизайнерді ұрып-соққанын мойындады.
Айта кетейік, Сәбит Сырахан - танымал streetwear-брендінің дизайнері болған. Оның өлімі туралы әлеуметтік желілерде рэп орындаушысы Hiro мен "Ирина Қайратовна" тобының қатысушысы Азамат Маркленов жазған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!