Қазақстандық домбырашылар Испанияда өткен байқауда топ жарды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстандық домбырашылар Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз Испанияда өткен Music Box халықаралық байқауында "Аспаптық музыка" номинациясын жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық домбырашылар Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз Испанияда өткен Music Box халықаралық байқауында "Аспаптық музыка" номинациясын жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлемнің түкпір-түкпірінен қатысқан аспапта орындаушыларға арналған Music Box халықаралық онлайн-байқауы екі турда өтті. Қазақстандықтар бірінші кезеңнен сәтті өтіп, авторлық өңдеуде Никколо Паганинидің "Каприс № 24" туындысын орындаумен қазылар алқасын таңғалдырды.

Домбырашылар екінші кезеңде "Игра престолов" телехикаясының саундтрегін орындап, конкурстық бейнеролик түсірді.

Номинацияға 36 елдің аспапшылары қатысты. Ең жоғары ұпайды қазақстандықтар жеңіп алды.

Музыканттар жүлде ретінде ұйымдастырушылар есебінен мамыр айында Испанияда өтетін офлайн фестивальге жолдама алды, сондай-ақ белгілі музыка сарапшыларының шеберлік сабағына жеке қатысады.

Домбырашылар Қазақ ұлттық өнер академиясында оқып жүргенде танысып, 2017 жылы дуэт құруға бел буған. Темірлан мен Ернат оқу орнында жүргеннен бастап сол кездегі ректор Айман Мұсақожаевамен бірге бүкіл Еуропаны аралаған.

Олар "I'm a Singer" байқауында Димаш Құдайбергенмен бірге өнер көрсеткеннен кейін танымал бола бастады. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Токиодағы олимпиадада домбырашыларды Қазақстанның мәдениет амбассадорлары етіп тағайындады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Temirlan Olzhabay (@olzhabaev_temirlan)

Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз бұған дейін "Үздік аспаптық дуэт" номинациясы бойынша "Bridge TV" жүлдесін жеңіп алған, "Golden Time Talent" халықаралық фестивалінде бірінші орынды жеңіп алған, сонымен қатар Испанияда өткен Costa Brava Music фестиваліне қатысқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Temirlan Olzhabay (@olzhabaev_temirlan)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro