Қазақстандық экс-судьяның өлімі: Германия күдіктіні тұтқындауға ордер берді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық экс-судьяның өлімі: Германия күдіктіні тұтқындауға ордер берді Фото:depositphotos.com

СІМ Германиядағы қазақстандық бұрынғы судьяның өліміне қатысты қылмыстық іске пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

СІМ Германиядағы қазақстандық бұрынғы судьяның өліміне қатысты қылмыстық іске пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Германияның құқық қорғау органдары адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

"Бүгінде тергеу жүргізіліп жатыр. Германия Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Дармштадт сотының шешімі бойынша, Наталья Донцова – марқұмның жұбайының анасы адам өліміне күдікті деп танылған. Германия мен бүкіл Еуропа аумағында оны қамауға алу туралы ордер берілді", – деді Смадияров.

Оның айтуынша, Қазақстанның Германиядағы елшілігінің көмегімен істің материалдары марқұмның туыстары мен адвокатына табысталған.

"Қазіргі уақытта Донцованың нақты қайда екені белгісіз. Ол халықаралық іздеуде жүр. Тергеу мүддесінде және таратылуға жатпайтын мәліметтердің жария болмауы үшін неміс тарапы істің егжей-тегжейін жарияламайды", – деп толықтырды ол.

Еске салайық, 2024 жылғы 10 маусымда Германияда Қазақстан азаматы Айгүл Сайлыбаеваның жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған еді. Кейін оның денесі Бенсхайм маңынан табылғаны хабарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети