06 маусым 2014 11:31

Қазақстандық елші ЕҚЫҰ-ның арнайы өкілі атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәдина Жарбосынова. ©Mfa.gov.kz Мәдина Жарбосынова. ©Mfa.gov.kz

Қазақстандық елші Мәдина Жарбосынова Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында (ЕҚЫҰ) жоғары қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмахановқа сілтеме жасап.


Қазақстандық елші Мәдина Жарбосынова Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында (ЕҚЫҰ) жоғары қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмахановқа сілтеме жасап.

"3 маусым күні Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің атына ЕҚЫҰ Бас хатшысы Ламберто Занньерден қазақстандық елші Мәдина Бинешқызы Жарбосынованың ЕҚЫҰ-ның Адам саудасымен күрес жөніндегі арнайы өкілі қызметіне тағайындалғаны туралы хат келіп түсті", - деді Айтмаханов.

Оның айтуынша, бұл тағайындау Қазақстанның ЕҚЫҰ құрылымдарында биік деңгейде танымал екендігін көрсетеді және бұл - еліміздің ұйым шеңберіндегі жемісті ынтымақтастығының және 2010 жылғы табысты төрағалығының нәтижесі.

"2013 жылдың мамыр айында Жарбосынова ЕҚЫҰ-ның Украинадағы жобаларының үйлестірушісі болып тағайындалды. Жарбосынова Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің құрылған уақытынан бері жұмыс істеп, жоғары лауазымдарға ие болды. 1998-1999 жылдары вице-министр болды, содан кейін төрт жыл бойы Нью-Йоркте Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі және сонымен бірге Қазақстанның Кубадағы елшісі қызметтерін атқарды. Қазақстанға оралғаннан кейін ол Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметін атқарып, адами өлшемдер мен адам құқықтары мәселелеріне жауапты болды", - делінген министрліктің хабарламасында.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети