Қазақстандық фермер субсидияны заңсыз алып, Toyota Land Cruiser көлігін сатып алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық фермер субсидияны заңсыз алып, Toyota Land Cruiser көлігін сатып алған Фото:depositphotos.com

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі басшысы 50 миллион теңгеден аса субсидияны заңсыз алғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі басшысы 50 миллион теңгеден аса субсидияны заңсыз алғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өндірістік кооператив басшысы 2019 жылғы мамырдан 2020 жылғы наурызға дейінгі аралықта жалған құжаттарды пайдаланып, сүт өнімдерін өңдеуге бөлінген 50 миллион теңгеден аса субсидияны заңсыз алған.

"Өндірістік шығындарды растау үшін ауыл шаруашылығы басқармасына жеке кәсіпкерлерден шикі сүт сатып алғаны үшін өзара есеп айырысу туралы жалған құжаттар және май өндірісі туралы қасақана жалған ақпараттар беріп келген. Нәтижесінде сот сүт жеткізу мәмілелерін заңсыз деп таныды", - деп жазылған хабарламада.

Қаржылық тергеу нәтижесінде заңсыз алынған субсидияларға күдікті TOYOTA LAND CRUISER PRADO 150 маркалы көлік сатып алғаны анықталды, ол мұны жасыру мақсатында сенімді адамға рәсімдеген.

Соттың санкциясымен көлікке тыйым салынды. Күдіктіге сот 2 айға қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын тағайындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети