09 қараша 2016 | 23:24

Қазақстандық және оңтүстіккореялық бизнесмендер Астанада телемедицина орталығын ашты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astanacapital.com © astanacapital.com

Бүгін Астана әкімі Әсет Исекешев қаладағы емханалардың бірінің базасында жеке инвесторлар ашқан қазақстандық-оңтүстіккореялық телемедицина орталығымен танысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласының ресми сайтына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Астана әкімі Әсет Исекешев қаладағы емханалардың бірінің базасында жеке инвесторлар ашқан қазақстандық-оңтүстіккореялық телемедицина орталығымен танысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласының ресми сайтына сілтеме жасап. 

Орталықтың телекоммуникациялық жүйесі желідегі абоненттердің аудиовизуалды өзара іс-әрекетін және "Family Clinic" мамандары мен шетелдік тар бейінді мамандардың пациенттермен, сондай-ақ, зерттеуге берілетін барлық құжаттармен бірлескен жұмысын қамтамасыз етеді. Бұл бейнеконференциялық кешеннің құрамына озық құрал-жабдықтармен жарақталған басқару орталығы, жағдаяттық бөлме, зертхана, диагностикалық және рентген-кабинеттер кіреді.

"Халықтың денсаулығын қорғау - Мемлекет басшысы белгілеп берген негізгі басымдықтардың бірі, және біздің елордамызда медициналық кластер қалыптасып келеді. Республиканың ең озық медициналық орталықтары осында орналасқан. Қазір біз Астанада денсаулық сақтау саласын ары қарай дамыту бағдарламасын әзірлеп жатырмыз. Жақында туберкулез ауруханасы, "жедел жәрдем" орталығы ашылады. Денсаулық сақтау саласына жеке инвестициялар салынып, кәсіпкерлердің осындай маңызды жобаларға қаржы құюға дайын екендігі қуантады", - деп мәлім етті жобаның таныстырылымы барысыныда Астана әкімі Әсет Исекешев.

Астанадағы Қазақстан-Корея телемедицина орталығы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Оңтүстік Кореяға сапар жасаған күні ашылғандығын ерекше атап өткеніміз жөн.

"Кореялық әріптестерімізге - Пусан қаласының мэриясына, соның ішінде, денсаулық сақтау департаментінің басшылығына және инвесторларға алғыс айтқым келеді. Бүгін біз шағын болса да, маңызы зор жобаны ашып отырмыз. Біз осындай жеке медициналық орталықтардың ашылуын, әсіресе алдынғы қатарлы шетелдік әріптестермен ынтымақтастық аясында іске асырылған жобаларды қолдауымыз қажет", - деп атап көрсетті Исекешев.

"Family Clinic" базасында ашылған Астанадағы жаңа телемедициналық орталық емдеу-диагностика жасау бойынша кеңестер беріп, онкология, акушерлік, гинекология, неонатология, отоларингология, эндокринология, кардиология және телекоммуникациялық технологияларды (қашықтықтағы медицина) қолдану арқылы іске асырылатын медицинаның басқа да салаларында басқарушылық, білім беру, ғылыми және ағартушылық шаралар өткізеді.

Күрделі мәселелер бойынша жедел және жоспарлы медициналық консилиумдар өткізу үшін екінші диагноз проблемасын шешу мақсатында (екінші сарапшылық пікір) қашықтықтан берілетін бейнеконсультация «Family Clinic» және Кореядағы әріптес-емхананың зияткерлік әлеуетін пайдалану арқылы жүйелі негізде өткізіліп тұрады. Бұл төсек-орын қорын азайту жағдайында емдеу-диагностика жасау процесін жеделдете отырып, қашықтықтан халыққа жоғары білікті көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Болашақта телемедициналық орталықта Корея, Германия, Израиль және басқа елдердің халықаралық орталықтарымен бейнеконференциялар өткізу жоспарланып отыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети