Қазақстандық жасөспірімдер албырт әрі ашушаң

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©rus.err.ee сайтынан алынды Фото ©rus.err.ee сайтынан алынды

Қазақстандық жасөспірімдер еуропалықтарға қарағанда албырт әрі ашушаң, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ЮНИСЕФ "Денсаулық және жастарды дамыту" бағдарламасының үйлестірушісі Айгүл Қадыроваға сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық жасөспірімдер еуропалықтарға қарағанда албырт әрі ашушаң, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ЮНИСЕФ "Денсаулық және жастарды дамыту" бағдарламасының үйлестірушісі Айгүл Қадыроваға сілтеме жасап. 

Айгүл Қадырова Қазақстанда жасөспірімдер арасында болатын өз-өзіне қол жұмсаудың себептеріне арналған зерттеудің қорытындысын айтты. "Еуропалық жасөспірімдерге қарағанда қазақстандық жеткіншектердің өз-өзіне қол жұмсау факторлары тым ауыр және көп. Одан бөлек, өз-өзіне қол жұмсаған жастардың және  өлім-жітімнің көбеюі албырттық пен ашушаңдыққа байланысты. Бұл жастарымыздың өз-өзіне не үшін қол жұмсайтынын түсіндіріп береді", - дейді ол ҚР Парламент Мәжілісі әлеуметтік-мәдени даму комитетінің "Жастар арасында өз-өзіне қол жұмсауды және жол көлік оқиғаларын азайтуға" арналған отырысы барысында. 

Қадырова жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау тым жиілеп кеткенін айтады. "Жастардың өз-өзіне қол жұмсауының негізі, бірінші кезекте торығуда жатыр. Біз оны 90 пайыз жасөспірімдерден анықтадық. Оның үстіне 20 пайызы торығудың ең жоғары сатысында. Қобалжу жағдайы - жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсайтын екінші фактор. Жасөспірімдердің бір пайызы алкогольді күнде пайдаланатынын айтты. Сондай-ақ тағы бір пайызы нашаны өмірінде кем дегенде 3 рет қолданған", - дейді ол. 

"Алкоголь өнімдері мен наша қолдану бойынша жастарымыздың көрсеткіші жаға ұстатарлықтай. Жоғары қауіпті топтағы 45 пайыз жасөспірім өмірінде кем дегенде бір рет қатты мас болған. 21 пайызы бір рет наша қолданғанын айтса, 30 пайызы темекі тартады. Ал Еуропа елдері жасөспірімдерінің көрсеткіші бізден 2-3 есе аз", - дейді Қадырова. 

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.11  course up  594.5  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro