25-30 желтоқсан аралығында қазақстандық жазаcын өтеушілер арасында қар мүсіндерін жасаудан байқау өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ қылмыстық атқарушы жүйесі комитетіне сілтеме жасап. Әрбір сотталушы адам байқауға қатысуға мүмкіндік алды.

Қылмыстық атқарушы жүйесі комитеті колониялар аумағында (СҚО, ШҚО, Қостанай және Қарағанды облыстарында) қардың көптігіне орай мұз қалашықтарын салды.
Ведомстводағылар осындай шаралар арқылы жазасын өтеушілерді қолөнерге баулып, олардың эстетикалық талғам қабілетін дамыта түсті. "Жазасын өтеушілерге өз таланттарын паш етуге жақсы мүмкіндік туды. Олар бұл шараға жауапкершілікпен қарап, өздері жасаған мүсіндер түрлі-түсті болды", - деді ҚР ІІМ ҚАЖК өкілдері.
Биыл байқауда "Қар ханшайымы", "Аяз Ата бұғылары", ертегі кейіпкерлері "Бауырсақ", түлкі және қоян, "Русалка мен дельфин" және "Қораз сыйлықтарымен" сияқты мүсіндер таныстырылды.
"Осындай шаралар жазасын өтеушілердің ертеңгі күніне деген сенімділікті арта түседі және дұрыс өмір сүру керектігін ойландырады", - деп қорытындылады ведомстводағылар.
Айта кетейк, үздік деп танылған мүсіндердің авторларына әкімшіліктен арнайы сыйлықтар болды.