Қазақстандық жазушылардың кітаптары АҚШ-та шығады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық жазушылардың кітаптары АҚШ-та шығады

Қазақстандық жазушылар Зира Наурызбаева мен Лилия Калаус Бату туралы трилогияны басып шығаруға Amazon Publishing баспасымен келісім жасасты. Бұл туралы Facebook-парақшасында жазушының өзі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық жазушылар Зира Наурызбаева мен Лилия Калаус Бату туралы трилогияны басып шығаруға Amazon Publishing баспасымен келісім жасасты. Бұл туралы Facebook-парақшасында жазушының өзі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен америкалық Amazon Publishing баспа үйінен құттықтау алдым. Жақында Лилия Калаус екеуміз осы баспа авторлары боламыз. Жаңа ғана Амазонның балалар бөлімімен келісімге отырдық. 2022 жылы Бату мен оның достары алтын тостағанды АҚШ-та ағылшын тілінде іздейтін болады.

Шынымды айтсам, бұл жобаны қазақстандық балаларға арнап бастаған едім. Біздің мәдени ерекшеліктерімізді көрсететін кітаптар шетелдік оқырманға қызықты болады деп ойламаппын. Кезінде Лилия екеуміз кітаптың бірінші бөлімінің қазақ тіліне аударылуын қаржыландырдық. Қалған екі кітапты да аудару мүмкіндігі болады деп үміттенемін", - деп жазды Зира Наурызбаева Facebook-те.

Кітаптың мақсаты - балаларды кітап оқуға, қазақ мәдениетіне, тіліне баулу, Қазақстанның әдет-ғұрыптары, аймақтары, тарихы, көрікті жерлері, ел аңыздары туралы қызықты әңгімелеу.

Бату мен оның достарының оқиғалары - шытырман оқиғалы повестер. Онда заманауи қазақстандық балалар сиқырлы қазақ мифологиясы әлеміне сапар шегеді. Кітап кейіпкерлері - алматылық бесінші сынып оқушылары.

Бірінші кітап "Алтын тостағанды іздеу: Бату мен оның достарының бастан кешкендері" деген атаумен ШҚО-ға, Дегелеңге, Қоңыр әулие үңгіріне барады. Екінші кітапта Барсакелмеске, үшінші кітапта Айдала еліне сапар шегеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети