Қазақстандық жер сілкінісі туралы жазбасын сотта түсіндіріп берді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық жер сілкінісі туралы жазбасын сотта түсіндіріп берді Midjourney

Жамбыл облысының соты жер сілкінісі туралы жалған ақпарат таратты деп айыпталған ер адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өндірісті тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Тұрар Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысының соты жер сілкінісі туралы жалған ақпарат таратты деп айыпталған ер адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өндірісті тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Тұрар Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, К. биыл наурызда Instagram әлеуметтік желісінде 2025 жылғы 28-29 наурыз аралығында болған жер сілкінісінің "G." ЖШС – алтын өндіру фабрикасына байланысты екенін айтқан видеожолдау жариялаған.

"Алайда сотта К. әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келіспейтінін және өз кінәсін мойындамайтынын айтып, ол 2003 жылы Т.Рысқұлов ауданында болған жер сілкінісінің салдарынан зиян келгенін көрсетіп, дәл сондай жағдайдың қайталануынан қорқып, өз парақшасында алтын өндіруші кәсіпорындағы жарылысқа күдігі барын жазғанын түсіндірді", - делінген хабарламада.

Сот іс материалдарын қарап, К.-ның өз азаматтық құқығын іске асырғанына байланысты оны ӘҚБтК 456-2-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз жоқ деген қорытындыға келді.

"Сот қаулысымен азамат К.-ға қатысты ӘҚБтК 456-2-бабының 3-бөлігі бойынша қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс, оның әрекеттерінде осы бапта көзделген әкімшілік құқық бұзушылық белгілерінің болмауына байланысты тоқтатылды".

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети