Енді қазақстандық ЖОО-лардың дипломы Еуропа елдерінде жарамды болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.
Енді қазақстандық ЖОО-лардың дипломы Еуропа елдерінде жарамды болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.
2021 жылдан бастап еліміздегі жоғары оқу орындарының түлектеріне жаңартылған қосымшалары бар диплом беріледі. Ол қосымшада елімізде алған жоғары білім біліктілігінің еуропалық біліктілік санатымен сәйкес екені міндетті түрде көрсетіледі дейді министрліктегілер.
"ҚР Жоғары білім беру ұлттық біліктілік шеңберінің өздігінен сертификаттау бойынша есебін Болон процесінің хатшылығы қабылдады. Енді еліміздегі жоғары оқу орындарының дипломдары Еуропа елдерінде жарамды болады. Бұл шетелдік азаматтар тарапынан қазақстандық жоғары білімге деген қызығушылықты арттырады.
Қазақстандық жоғары оқу орындары түлектерінің біліктілігі еуропалық біліктілік санатымен сәйкес келеді. Болон процесі хатшылығы қабылдаған өзін-өзі сертификаттау бойынша есепті дайындау үшін Білім және ғылым министрінің бұйрығымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған болатын. Оның құрамына ҚР БҒМ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, "Атамекен" ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, салалық қауымдастықтар және қазақстандық жоғары оқу орындарының өкілдері кірді", - делінген министрліктің хабарламасында.
Өзін-өзі сертификаттау бойынша есеп Жоғары білім беру үшін ұлттық біліктілік шеңберінің Еуропалық жоғары білім беру кеңістігімен (ҚР ЕЖБК) үйлесімділігі мен салыстырмалылығын көрсетті. Бұл Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жөніндегі ұлттық жүйенің еуропалық жоғары білім беру кеңістігінің білім беру жүйелерімен сәтті үйлесімділігінің айқын дәлелі болып табылады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!