Қазақстандықтар жас жұптың Мәскеуде дүкен аралап жүрген сәті бейнеленген видеосына наразылық білдіріп жатыр. Саудагерлердің қазақ тілін білмейтіндігін пайдаланған қыз оларға қорлау сөздер айтқан, ал оның сүйіктісі қыздың сөзін аударып берген, - деп хабарлайды "31 арна".

Екі даулы видео осыған дейін YouTube ресурсында пайда болған еді. Роликтегі оқиға Мәскеудің сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде болады. Екі жарым минут ішінде кадр сыртындағы қыз балмұздақ сатушыға қорлау мәніндегі сөздерді айтады, ал ер адам оның сөздерін бұрмалап аударып береді.
Оқиға мұнымен бітпейді. Осы жұп элиталық бутикке кіреді, қыз онда сөмкенің құнын сұрайды. Алайда олардың қулығы бұл жолы жүзеге аспайды. Оларға қызмет көрсетіп жатқан кеңесші қазақ тілін білетін болып шығады.
Ескерту, былапыт сөздер айтылады!
Ролик жарияланғаннан кейін қолданушылар оған дизлайк қоя бастады. "Ситуативный казахский" сөздігінің авторы Қанат Тасибеков екі роликтен айтарлықтай әсер алмаған. Оның пікірінше, кейбір азаматтардың тәртібі үшін жалпы адамдар туралы пікір қалыптастыру дұрыс емес. Оның үстіне, Интернетте әр елдің азаматтарының осыған ұқсас қылықтары түсірген видеолар көп те, сәйкесінше, қазақстандықтар одан ада емес.
Қазақстандықтардың оқиғасының немен біткені белгісіз. "Бастысы олардың бұл әрекетке неліктен барғаны емес, мұндай мазмұндағы видеоны жариялаудың қажеттілігі неде деген сұрақ маңыздырақ", - дейді телеарна тілшілері.