13 қаңтар 2015 22:17

Қазақстандық жүргізушілер айыппұлдарды 50 пайыз жеңілдікпен төлей алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Idrive.kz ©Idrive.kz

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандық жүргізушілер жол ережесін бұзғаны үшін төлейтін айыппұлдың көлемін екі есе азайтуға мүмкіндік алды. Kolesa.kz басылымының мәліметінше, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаңа кодекстің 811-бабына сәйкес, айыппұл салынғаннан кейін оны 7 күн ішінде төлесе 50 пайыз жеңілдік алады.


2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандық жүргізушілер жол ережесін бұзғаны үшін төлейтін айыппұлдың көлемін екі есе азайтуға мүмкіндік алды. Kolesa.kz басылымының мәліметінше, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаңа кодекстің 811-бабына сәйкес, айыппұл салынғаннан кейін оны 7 күн ішінде төлесе 50 пайыз жеңілдік алады.

Бірақ мұндай жеңілдікті жол полицейлері салған айыппұлдарда ғана болады, яғни жүргізуші жол ережесін бұзған кезде оған полицей айыппұл салса ғана осы айтылған жеңілдік беріледі. Ал фото және видеотіркеу камералары арқылы салынған айыппұлды толықтай төлеуі керек.

Мұнымен қатар, басылымда жеңілдік алу үшін жүргізушінің өз кінәсін мойындау керек екені айтылған. Бұлай болмаған жағдайда жүргізуші толық көлемдегі айыппұлды төлеуге міндеттеледі.

Мәселен, айыппұл көлемі 5 АЕК болса (9 910 теңге), онда квитанцияда тең жартысы көрсетіледі, яғни - 4 955 теңге. Осы соманы төлеу керек болады. Бұл төменде мысал ретінде көрсетілген квитанцияда көрсетілген. 

Осындай құжатты алғаннан кейін жүргізуші екінгі деңгейлі банкке барып, квитанцияда көрсетілген реквизиттер арқылы ақша аударуы керек. Бұдан кейін банк кассирі берген чекті және жеңілдік берілетіні көрсетілген түбіртекпен өңірлік жол полициясы басқармасына бару керек немесе мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының әкімшілік тәжірибе бөліміне барып, базада айыппұлдың төленгенін көрсету керек. 

Kolesa.kz басылымы 50 пайыз жеңілдікпен қатар, 30 пайыз жеңілдіктің де барын жазады. Бұл ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексінің 56-бабында қарастырылған. Мұндай жеңілдікті жүргізуші айыппұлды қандай да бір себеппен жеті күн ішінде төлей алмаған жағдайда алуға құқылы. Бұл үшін жүргізуші әкімшілік полиция басқармасына барып, түсініктеме жазады. Бұл түсініктемеде ол айыппұлды не себепті төлей алмағанын түсіндіріп, айыппұл көлемін төмендетуді сұрауы керек. 

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 56-бабына сәйкес, сот жүргізушінің жеңілдететін мән-жайының болуына байланысты айыппұл көлемін 30 пайызға дейін төмендете алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети